Құжатта көзделген маңызды өзгерістер қоғамдағы әділдік, теңдік және заң үстемдігі принциптерін нығайтуға бағытталған. Бұл — мемлекетіміздің ішкі саясатын жетілдіріп, халықаралық аренадағы орнын бекемдей түсетін, сондай-ақ демократиялық институттарды дамытатын стратегиялық құжат.
Ата Заң жобасының мазмұны — билік пен халық арасындағы диалогты жаңа деңгейге көтереді. Бұл құжат әрбір азаматтың мүддесін қорғап, қоғамдағы тұрақтылықты сақтаудың басты факторы болмақ. Жаңа Конституция арқылы біз құқықтық мемлекеттің берік іргетасын қалап, әрбір азаматтың лайықты өмір сүруіне жол ашамыз. Бұл — мемлекеттің болашағы үшін жасалған маңызды қадам.
О. Бекішев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
