Конституция жобасы — қоғамдағы барлық топтардың, этностар мен әлеуметтік топтардың мүддесін ескере отырып жасалған кешенді құжат. Ол біздің мемлекеттігімізді нығайтып, жарқын болашаққа деген сенімімізді арттырады және елдің тұрақты дамуына жол ашады. Бұл жаңартулар арқылы ел экономикасы мен әлеуметтік саласының қарқынды дамуына, сондай-ақ азаматтық қоғамның белсенділігін арттыруға жағдай жасалады.
Жаңа Конституция — әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беретін басты құжат. Ол халықтың бірлігін сақтай отырып, мемлекеттің алға басуына және халықаралық беделінің артуына үлес қосады. Бұл — қоғамның дамуына серпін беретін, жарқын болашаққа бағытталған маңызды қадам.

Г. Ибраева-Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы