Ұсынылып отырған Қазақстан Республикасы Конституциясының жаңа жобасы – мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталған маңызды саяси құжат.
Мәслихат төрағасы ретінде атап өткім келеді: конституциялық өзгерістер жергілікті өкілді органдардың рөлін арттырып, халықтың шешім қабылдау үдерісіне қатысу мүмкіндігін кеңейтеді. Бұл өз кезегінде өңірлердің тұрақты дамуына, әлеуметтік мәселелерді тиімді шешуге және азаматтардың мемлекетке деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Жаңа жобада адам құқықтарын қорғау, билік тармақтарының теңгерімі, мемлекеттік институттардың ашықтығы мен жауапкершілігі басты назарға алынған. Мұның барлығы қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын орнықтырып, экономикалық және әлеуметтік реформаларды жүйелі іске асыруға негіз болады.
Барлық өңір үшін бұл өзгерістердің маңызы ерекше. Өйткені олар жергілікті басқарудың тиімділігін арттырып, халықтың өмір сапасын жақсартуға бағытталған нақты мүмкіндіктер ашады.
Алдағы референдум – әрбір азаматтың ел болашағына қатысты өз ұстанымын білдіретін жауапты қадам. Сондықтан барша тұрғындарды қоғамдық маңызы зор осы үдеріске белсенді қатысуға шақырамын.
Р.Ғабдуллина- Зеренді аудандық мәслихатының төрағасы
