Мен соңғы уақытта елімізде болып жатқан оң өзгерістерді ерекше байқап жүрмін. Бұрын саясат деген алыстағы, менің өміріме қатысы жоқ дүние сияқты көрінетін. Ал қазір жаңа Конституция жобасы талқыланғалы бері, қоғамның жаңаруға деген шынайы ұмтылысы бар екенін күн сайын көріп келемін.
Жаңа Конституция тек заң емес – ол елдің ертеңіне деген сенімнің белгісі. Жұмыс орнымда да, қоғамдық орындарда да адамдардың арасында бір серпіліс, оң көзқарас пайда болғанын байқаймын. Әркім болашаққа күмәнмен емес, үмітпен қарай бастады.
Маған ең ұнайтыны – осы жобаның халықтың өзіне деген құрметті сезіндіруі. Қандай салада болсын, адамдар ашықтықты, жауапкершілікті, өз сөзінің өтімділігін көбірек сезіне бастады. Бұл – қоғамға да, мемлекетке де қажет құндылықтар.
Сондықтан мен жаңа Конституцияны тек құжат ретінде емес, елдің жаңаруға деген ішкі дайындықтың, жаңа кезеңге аяқ басудың символы деп қабылдаймын. Оның дұрыстығына күн сайын көз жеткізіп келемін
Гүлнар Ибраева- Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
