Жаңа Конституция жобасы қоғамда ерекше атмосфера қалыптастырды. Адамдардың әңгімесінен үміт, жаңару, әділдік секілді ұғымдар жиі естіле бастады. Меніңше, бұл құжаттың ең үлкен күші – дәл осы үмітті оята білуінде, елдің болашағына сеніммен қарауға мүмкіндік беруінде.
Отбасымда да, достарымның арасында да еліміздің даму жолына деген сенімнің артқанын байқаймын. Көп адам: «Еліміз өзгеріп жатыр», «жаңа кезең басталып келеді» деп айтады. Бұл сөздер құр оптимизм емес, қоғамда күнделікті сезілетін шынайы үрдістің көрінісі. Адамдардың көңіл-күйінен бір жаңғырудың басталғанын аңғаруға болады.
Маған ерекше ұнайтыны – жаңа Конституцияның адамдарға өзін қоғамның маңызды бір бөлігі ретінде сезіндіруі. Бұрын «менің пікірім ештеңе өзгертпейді» деген көзқарас басым болса, қазір керісінше, әр адамның дауысы мен ұстанымының маңызы артқанын сезінемін. Сол себепті әрбір азаматқа 15 наурызда өтетін референдумда белсенді қатысып, өз таңдауын жасау маңызды. Біз әрқайсымыздың шешіміміз – елдің болашағына тікелей әсер ететінін білуіміз керек.
Сондықтан мен жаңа Конституцияны қолдауға шақырамын: бұл тек заңдық құжат қана емес, қоғамға серпіліс әкелген, әр азаматқа өз пікірін білдіруге мүмкіндік берген құнды бастама. 15 наурызда әрқайсымыз өз таңдауымызды жасау арқылы еліміздің жарқын болашағына үлес қоса аламыз.
О. Бекішев- Зеренді ауданы ардагерер кеңесінің төрағасы
