Жаңа Конституция жобасы қоғамдық санаға оң серпіліс беріп, азаматтардың ертеңгі күнге деген сенімін нығайтты. Бұл құжат — тек құқықтық реформа ғана емес, мемлекет пен қоғам арасындағы жаңа әлеуметтік келісімнің негізі. Ол әрбір азаматтың құқығын қорғауға және еркін пікір білдіруіне кепілдік береді.
Қазіргі таңда қоғамдық белсенділіктің артуы — ел дамуының басты факторына айналды. «Әрбір дауыс маңызды» деген қағиданың іс жүзінде іске асуы мемлекеттік басқарудың ашықтығын көрсетеді. Әр азаматтың шешімі елдің болашақ даму бағытын айқындауға тікелей әсер етеді.
Осыған байланысты, 15 наурызда өтетін референдумға қатысу — мемлекеттік маңызы бар ортақ жауапкершілік. Бұл — әділ, жаңарған және тұрақты ел қалыптастыру жолындағы тарихи қадам. Барша азаматты белсенділік танытып, өз таңдауын жасауға шақырамыз. Еліміздің ертеңі — әрқайсымыздың бүгінгі шешімімізге байланысты.

С. Баймурзин- Зеренді ауданы билер алқасының бас биі