Жаңа Конституция жобасы қоғамда жаңа тыныс ашқандай әсер қалдырды. Қай ортаға барсам да, адамдардың сөзінен жаңару, әділдік, өзгеріске деген сенім сезіледі. Бұл құжаттың маған ерекше әсер еткені – оның ел азаматтарына жаңа мүмкіндіктер ашуы, болашаққа деген үмітті күшейтуі.

Жақындарыммен тілдескенде де, түрлі ортада да адамдардың барлығы мемлекетіміздің даму бағытына сеніммен қарап отырғанын байқаймын. «Еліміз дұрыс жолға түсіп келеді» деген ой көпшілік арасында жиі айтыла бастады. Бұл қоғамдағы көңіл-күйдің өзгергенін білдіреді.

Маған ұнайтыны – жаңа Конституция әр азаматтың пікіріне құрметпен қарауды дәріптеуі. Бұрын көптеген адам өз дауысынан ештеңе өзгермейді деп ойласа, қазір керісінше, қоғамда әрбір азаматтың үнінің маңызы артқаны байқалады. Сондықтан мен 15 наурыздағы референдумға белсенді қатысып, таңдауды саналы түрде жасауға шақырамын. Өйткені бұл тек дауыс беру емес, елдің болашағына өз үлесіңді қосу мүмкіндігі.

С. Баймурзин -Зеренді ауданы билер алқасының бас биі