Конституция – ел өміріндегі ең маңызды құжаттардың бірі. Мен жаңа жоба туралы айтылған пікірлерді қолдаймын. Себебі кез келген мемлекет уақыт талабына сай дамып, заңдарын жетілдіріп отыруы қажет.

Жаңа бастамалар қоғамдағы әділдік пен жауапкершілікті арттыруға ықпал етеді деп сенемін. Заң бәріне бірдей қызмет етіп, әр азаматтың құқығы қорғалуы – дамыған қоғамның белгісі.

Бүгінгі өзгерістер еліміздің болашағын одан әрі нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттыруға бағытталған деп ойлаймын. Сондықтан мұндай қадамдарды қолдау – әр азаматтың ортақ мүддесі.

Наурыздың 15-і күні өтетін референдум – ел болашағы үшін маңызды саяси оқиға. Сондықтан әр азамат белсенділік танытып, өз таңдауын жасап, референдумға қатысуы керек деп есептеймін. Бұл – біздің азаматтық жауапкершілігіміз.

Қ. Албаев-Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшесі