Мен көпбалалы ана ретінде еліміздің болашағына ерекше мән беремін. Себебі бүгінгі қабылданатын шешімдер ертең біздің балаларымыздың өміріне әсер етеді. Конституцияның жаңа жобасы қоғамның дамуына жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін.
Әрбір ата-ана үшін ең маңыздысы – балалардың қауіпсіз, тұрақты және әділ қоғамда өмір сүруі. Егер мемлекет азаматтардың құқықтарын қорғап, тең мүмкіндіктер жасауға ұмтылса, бұл барлық отбасы үшін үлкен қолдау болады.
Менің ойымша, осындай бастамалар елдің дамуына серпін беріп, болашақ ұрпақтың сенімді өмір сүруіне негіз қалайды. Сондықтан жаңа жобаны оң қадам деп қабылдаймын.
Г. Ибраева-Зеренді ауданы аналар кеңесінің төрайымы
