Бұл құжатта азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заң үстемдігін қамтамасыз ету, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру секілді негізгі бағыттар айқын көрініс тапқан. Конституция – мемлекеттің құқықтық негізі ғана емес, ол қоғамдағы тұрақтылық пен бірліктің де кепілі. Сондықтан жаңа жобадағы өзгерістер елдің саяси жүйесін жаңғыртып, халық пен мемлекет арасындағы сенімді нығайтуға бағытталғаны байқалады. Мұндай реформалар Қазақстанның демократиялық даму жолын жалғастыруына және әділетті қоғам құруына негіз болары сөзсіз.
О.Бекішев -Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесінің төрағасы
