Бұл бастама елдің дамуын жалғастырып, заманауи талаптарға сай мемлекеттік жүйені жетілдіруге бағытталған.
Конституция – мемлекеттің негізгі заңы және қоғамның даму бағытын айқындайтын құжат. Сондықтан оны жаңарту елдің болашағына жауапкершілікпен қараудың белгісі болып саналады. Қазіргі таңда қоғамда бұл мәселе бойынша ашық пікір алмасу жүріп жатыр.
15 наурыз күні өтетін референдум – азаматтардың өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін маңызды оқиға. Әрбір дауыс елдің болашағына деген бейжай еместікті көрсетеді.
Жаңа Конституция жобасы Қазақстанның тұрақты дамуына және қоғамның бірлігін нығайтуға бағытталған маңызды қадам болып табылады.

С.Баймурзин-Зеренді ауданы билер алқасының бас биі