Бүгінде елімізде қоғам өмірінің барлық саласын жаңғыртуға бағытталған маңызды саяси өзгерістер жүзеге асырылуда. Соның ішінде Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы – елдің болашағына бағытталған маңызды қадамдардың бірі. Бұл бастама мемлекетіміздің одан әрі дамуына, демократиялық құндылықтарды нығайтуға және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға мүмкіндік береді.
Жастар – кез келген мемлекеттің болашағы, қозғаушы күші. Сондықтан еліміздегі саяси және қоғамдық өзгерістерге жастардың бейжай қарамай, өз көзқарасын білдіруі аса маңызды. Жаңа Конституция жобасы – әділетті қоғам құруға, заң үстемдігін қамтамасыз етуге және әрбір азаматтың құқықтарын қорғауға бағытталған құжат. Бұл бастама жастар үшін де үлкен мүмкіндіктер мен жаңа перспективалар ашады.
Қазіргі таңда қазақстандық жастар білім алып, еңбек етіп, елдің дамуына өз үлесін қосуға ұмтылуда. Жаңа Конституция жобасында адам құқығын қорғау, әлеуметтік әділеттілікті нығайту, азаматтардың мемлекет басқаруына қатысу мүмкіндігін кеңейту секілді маңызды бағыттар қамтылған. Бұл өз кезегінде жастардың белсенділігін арттырып, олардың ел дамуына деген жауапкершілігін күшейтеді.
Біз, жастар, еліміздің болашағына бейжай қарамаймыз. Сондықтан мемлекетіміз үшін маңызды шешімдер қабылданатын сәтте белсенділік танытып, өз азаматтық ұстанымымызды білдіруіміз қажет. Әрбір жас елдің ертеңі үшін жауапты екенін сезінуі тиіс.
Жаңа Конституция – бұл тек құқықтық құжат қана емес, ол – еліміздің дамуы мен тұрақтылығының кепілі. Сондықтан жастар қоғамдағы өзгерістерге қолдау білдіріп, ел болашағы үшін маңызды бастамаларға белсенді қатысуы қажет.
Еліміздің болашағы – біздің қолымызда. Жастар әрдайым елдің дамуына үлес қосып, Қазақстанның жарқын келешегі үшін бірлесе еңбек етеді.
А. Сүлеймен – “Жастар рухы” жастар қанатының мүшесі
