Ол қоғамдағы тұрақтылықты қамтамасыз етіп, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі болып табылады. Сондықтан жаңа Конституцияның жобасының ұсынылуы – еліміздің дамуындағы маңызды қадам.
Бүгінде Қазақстан жаңа даму кезеңіне қадам басып келеді. Қоғамда жүзеге асырылып жатқан өзгерістер мен жаңғырту үрдістері негізгі заңның да заман талабына сай жетілдірілуін қажет етеді. Осы тұрғыдан алғанда жаңа Конституцияның жобасы еліміздің болашағына бағытталған маңызды бастама деп айтуға болады.
15 наурызда өтетін референдум – азаматтарға осы маңызды құжаттың жобасы бойынша өз пікірін білдіруге мүмкіндік беретін маңызды саяси оқиға. Әр азаматтың белсенді қатысуы ел болашағы үшін аса маңызды деп санаймын.
Қ. Албаев – Зеренді ауданы ақсақалдар кеңесінің мүшесі
