Ақмола облысында күрделі метеорологиялық жағдай қалыптасты
❄️ Өңірдің көп бөлігінде құтқарушылар авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізді. Әртүрлі мәндегі автожолдардан Степногорск, Қосшы, Атбасар қалалары мен Целиноград, Буланды, Бурабай, Ерейментау, Жақсы, Қорғалжын, Шортан, Жарқайын, Есіл және Біржан сал аудандарынан адамдар эвакуацияланды.
🚒 Қар құрсауында қалған көліктерден 8 адам, оның ішінде 2 бала құтқарылды. Барлығы 145 адам эвакуацияланды, олардың 4-і бала.
📍 11–12 наурыз аралығында зардап шеккендер болған жоқ. Жылыту пункттерінде 72 адам, оның ішінде 3 бала орналастырылды. Медициналық көмек қажет болмады. 81 адам, оның ішінде 3 бала, қауіпсіз түрде үйлеріне қайтарылды.
❗️ ТЖМ азаматтарды қауіпсіздік шараларын сақтауға шақырады:** мүмкіндігінше ұзақ сапарлардан аулақ болу, автожолдардың жабылуы жөніндегі ақпаратты қадағалау және ауа райының нашарлауында елді мекендерден тыс жерге шықпау.
☎️ Төтенше жағдай туындаған жағдайда 112 нөміріне қоңырау шалу қажет.
@emergovkz / t.me / insta / tiktok / youtubе
