Жиын барысында өткен референдумның маңызы мен нәтижелері талқыланып, аудан тұрғындарының белсенділігі мен азаматтық ұстанымы атап өтілді. Кеңес мүшелері өз пікірлерін білдіріп, алдағы уақытта қабылданған шешімдерді іске асыру бағытында бірлесіп жұмыс істеу қажеттігін жеткізді.
Сонымен қатар, қоғамдағы тұрақтылық пен бірлікті нығайту, тұрғындармен кері байланысты күшейту және түсіндіру жұмыстарын жалғастыру мәселелері қозғалды. Жиналыс қорытындысы бойынша нақты ұсыныстар айтылып, алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалды.
