23 наурыз – Наурызнама онкүндігінің қорытынды күні, Тазару күні болып аталып өтеді. Бұл күн – табиғатты, қоршаған ортаны ғана емес, адамның жан дүниесін де тазарту, жаңа өмірге жаңа оймен қадам басу күні.

Тазару күні адамдар аула-көшелерді тазалап, ағаш отырғызып, бұлақ көздерін ашып, табиғатты қорғауға үлес қосады. Бұл – туған жерге жанашырлық танытып, қоғамға пайдалы іс жасауға үндейтін маңызды күн.

Сонымен қатар бұл күні адамдар бір-бірінен кешірім сұрап, реніштерін ұмытып, жақсы тілек айтып, жаңа жылды таза көңіл, ақ ниетпен қарсы алады. Өйткені Наурыз – жаңару мен жаңғырудың, жақсылық пен мейірімнің мерекесі.

Тазару күні әр үйге береке, әр отбасына бақыт, елімізге тыныштық пен бірлік әкелсін!