– Жастар табанды әрі өнімді еңбек әрдайым лайықты бағасын алатынын көруге тиіс. Табыстың оңай келмейтінін түсінгені жөн. Еңбек – бәрін жеңбек. Мейлі, спортта, бизнесте, білімде, ғылымда, далалық жұмыста не зауытта болсын, өз ісіне шын берілген, көздеген мақсаты айқын адамдар өмірлік мұратына жетеді. Құрметті Ерванд Тихонович Ильинский сияқты азаматтар – қоғамның тірегі, ерлік пен еңбекқорлықтың, төзімділіктің жарқын үлгісі. Сондықтан мен сізге альпинизмдегі аса үздік жетістіктеріңіз, сондай-ақ ел спортының дамуына қосқан елеулі үлесіңіз және белсенді қоғамдық қызметіңіз үшін жоғары ерекшелік белгісі – «Қазақстанның Еңбек Ері» атағын беру туралы шешім қабылдадым. Бүгін осы награданы өзіңізге зор құрметпен тапсырамын. Ерванд Тихонович, сізге мықты денсаулық, бақ-береке, мол табыс тілеймін! Альпинистер арасында «Өзіңізді сақтаңыз!» деген сөз жиі айтылады. Сізге және жаныңызда жүріп, серік болған шәкірттеріңізге осы тілекті арнағым келеді, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Послание Главы государства Касым-Жомарта Токаева народу Казахстана
Последние новости
- Автокөлікті сатып алу-сату шарты бұзылып тұтынушыға ақша қайтарылды
- Жаңа деп сатылған, бірақ қалпына келтірілген болып шықты: Көкшетауда сатып алушыға iPhone 16 Pro үшін ақша қайтарылды
- Тұтынушылардың құқықтары қалпына келтірілді: Ақмола облысында офлайн және онлайн саудадағы тауарларды қайтару мәселелері шешілді
- Ақмола облысының Зеренді ауылында тұратын азамат маркетплейстен сатып алған автотауарды қайтара алды
- Ақмола облысы бойынша сауда және тұтынушылардың құқықтарын қорғау департаменті жиһаз өндірушісімен дауды шешуге көмектесті
