Биыл Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күніне орай еліміздің түкпір-түкпіріндегі журналистерге ерекше құрмет көрсетілді. Саланың үздік өкілдері мемлекеттік наградалармен, сыйлықтармен және гранттармен марапатталды.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен биыл алғаш рет өңірлік журналистерге де пәтер кілттері табысталды. «Dara» Президенттік бастамалар қоры арқылы БАҚ қызметкерлеріне барлығы 66 пәтер берілді. Оның ішінде республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ шалғай өңірлерде еңбек етіп жүрген журналистер де бар.
Бұл бастама өңірлік журналистиканы қолдауға және ақпарат саласының кәсіби мамандарын ынталандыруға бағытталған маңызды қадам болды.
