Сондықтан Жаңа Конституцияның күшіне енуін ел болашағы үшін маңызды қадам деп қабылдаймын.

Мемлекет басшысы өз үндеуінде еліміздің қарқынды дамудың даңғыл жолына түсетінін айтты. Осындай игі бастамалардың бәрі ең алдымен халықтың әл-ауқатын жақсартып, жастардың болашағына жол ашып, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсетілетін қоғамды қалыптастыруға қызмет етсе екен деп тілеймін.

Конституция – баршаға ортақ Ата заң. Заңға құрмет, елге жанашырлық және ауызбіршілік болған жерде береке де болады. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болып, Қазақстанымыздың мерейі әрдайым үстем болсын!

Р. Ибраимова – Зеренді ауданы әжелер кеңесінің төрайымы