Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі мен мемлекеттік басқару жүйесіндегі өзгерістер Қазақстанның одан әрі жаңғыруына, мемлекеттік институттардың тиімділігін арттыруға және қоғамның сұранысына сай жаңа басқару үлгісін қалыптастыруға бағытталған.
Мемлекет басшысы атап өткендей, Тәуелсіз Қазақстан тарихының жаңа дәуірі – тек институционалдық өзгерістер кезеңі ғана емес, азаматтардың жауапкершілігі мен белсенділігі арта түсетін уақыт. Жаңа кезеңде заң үстемдігі, әділдік, ашықтық және қоғамдық келісім қағидаттары мемлекеттік саясаттың негізгі өзегіне айналып, елдің орнықты дамуына берік негіз қалайды.
Бүгінгі жаһандық сын-қатерлер жағдайында Қазақстанның тұрақты дамуы қоғамның бірлігіне, тиімді мемлекеттік басқаруға және ортақ мақсатқа жұмылған азаматтардың қолдауына байланысты. Сондықтан Президенттің үндеуі әрбір қазақстандықты ел тағдырына бейжай қарамай, реформаларды іске асыруға белсенді атсалысуға үндейтін маңызды саяси бағдар деп бағалауға болады. Жаңа дәуірдің басты мақсаты – Тәуелсіздікті нығайтып, халықтың әл-ауқатын арттырып, Әділетті, Қуатты және бәсекеге қабілетті Қазақстанды қалыптастыру.
М.Әшімбек – ҚХАА мүшесі
