Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі мен мемлекеттік басқару жүйесінің жаңғыруы – еліміздің саяси институттарын заман талабына бейімдеуге және мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға бағытталған тарихи қадам.
Депутат ретінде бұл өзгерістердің басты мақсаты – халықтың мүддесіне қызмет ететін, ашық әрі жауапты мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру деп есептеймін. Заң шығару қызметінің сабақтастығын сақтай отырып, азаматтардың ұсыныс-пікірін ескеретін, қоғам сұранысына жедел жауап беретін құқықтық тетіктерді жетілдіру – алдағы кезеңдегі негізгі міндеттердің бірі болмақ.
Президент атап өткендей, жаңа дәуірдің табысты болуы әрбір азаматтың белсенділігі мен жауапкершілігіне тікелей байланысты. Сондықтан заң үстемдігін берік ұстанып, қоғамдық келісімді нығайтып, ел бірлігін сақтай отырып, Әділетті, Қуатты және тұрақты Қазақстанды бірге құру – баршамыздың ортақ мақсатымыз. Жаңа тарихи кезең еліміздің одан әрі өркендеуіне және халықтың әл-ауқатын арттыруға жаңа мүмкіндіктер ашады деп сенемін.
Б.Баядилов – Зеренді аудандық мәслихатының депутаты