Бұл мақсатқа жетудің басты кепілі – сапалы білім мен білікті маман даярлау. Сондықтан білім саласына жүктелер жауапкершілік бұрынғыдан да арта түседі.

Білім саласының қызметкері ретінде еліміздің қарқынды дамуы ең алдымен бәсекеге қабілетті, білімді, отаншыл және жаңашыл ұрпақ тәрбиелеуге байланысты деп есептеймін. Заманауи білім беру жүйесі оқушылардың тек академиялық білімін ғана емес, олардың сыни ойлау қабілетін, цифрлық сауаттылығын, еңбекқорлығы мен азаматтық жауапкершілігін дамытуға бағытталуы тиіс. Бұл – Президент айқындаған реформалардың табысты жүзеге асуының маңызды алғышарты.

Мемлекет басшысы белгілеген даму бағыты әрбір педагогке жаңа міндеттер жүктейді. Ұстаздар жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие бере отырып, елдің интеллектуалдық әлеуетін нығайтуға өз үлесін қоса береді. Себебі білімді, білікті әрі ұлттық құндылықтарды қадірлейтін ұрпақ – Қазақстанның тұрақты дамуы мен жарқын болашағының басты кепілі.
М.Нұғыманов – Зеренді ауданы Кіші түкті НМ директоры