Бұл экономикалық өсімді жеделдету, мемлекеттік басқаруды жетілдіру, инфрақұрылымды жаңғырту, цифрлық технологияларды дамыту және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған кешенді реформалардың жалғасатынын білдіреді.
Қарқынды даму ең алдымен сапалы заңнамалық негізге, тиімді мемлекеттік институттарға және халықтың белсенді қатысуына сүйенеді. Соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан саяси және экономикалық реформалар елдің инвестициялық тартымдылығын арттырып, кәсіпкерлікті қолдауға, жаңа жұмыс орындарын құруға және өңірлердің әлеуетін күшейтуге мүмкіндік беріп келеді. Бұл өз кезегінде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға ықпал етеді.
Президент белгілеген даму бағыты – тек экономикалық көрсеткіштерді жақсарту ғана емес, сонымен қатар заң үстемдігіне, әлеуметтік әділеттілікке, инновацияға және адами капиталдың сапасына негізделген жаңа даму моделін қалыптастыру. Осы мақсаттарды бірлесе жүзеге асыру арқылы Қазақстанның тұрақты өсімге қол жеткізіп, әлемдік бәсекеде өз орнын нығайта түсетініне сенім мол.
С.Баймурзин – Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі
