Жаңа Конституцияның қабылдануы – халқымыздың ортақ мүддесіне қызмет ететін маңызды тарихи оқиға. Біз, ардагерлер, ел тәуелсіздігінің қалыптасуы мен дамуы жолындағы түрлі кезеңдердің куәсі болдық. Сондықтан мемлекетіміздің тұрақтылығы мен өркендеуі үшін заңның үстем болуы аса маңызды екенін жақсы түсінеміз.
Конституцияда көрсетілген қағидалар – әділеттілік, теңдік, адам құқықтарын қорғау және халықтың мемлекет ісіне қатысуы – еліміздің демократиялық даму жолындағы маңызды құндылықтар. Біздің міндетіміз – осы құндылықтарды кейінгі ұрпаққа жеткізу, жастарды адал еңбек етуге, елін құрметтеуге және қоғам алдындағы жауапкершілігін сезінуге тәрбиелеу. Бірлігі мықты, заңға құрметі жоғары ел ғана биік белестерді бағындырады.
Оралбек Бекішев- Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
