Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздің құқықтық дамуы мен мемлекеттік басқару жүйесін жаңғыртудағы тарихи әрі дәуірлік оқиға. Бұл құжат қоғамдағы әділдік, заң үстемдігі, ашықтық және азаматтардың құқықтарын қорғау қағидаттарын жаңа деңгейге көтереді.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды осы маңызды кезеңмен құттықтауы – Конституцияның ел болашағы үшін айрықша маңызын айқындайды. Ендігі міндет – жаңа заң нормаларын сапалы жүзеге асырып, әрбір азаматтың құқықтары мен бостандықтарын қамтамасыз етуге бағытталған ортақ жауапкершілікті сезіну.
Жаңа Конституция – тек құқықтық құжат қана емес, ол қоғам мен мемлекеттің өзара сеніміне, жауапкершілігіне және орнықты дамуына негіз болатын маңызды стратегиялық бағдар. Оның толыққанды іске асуы Қазақстанның демократиялық және құқықтық мемлекет ретінде одан әрі нығаюына жаңа серпін береді.
З.Казиякпарова – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
