Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – еліміздің құқықтық тарихындағы аса маңызды белес. Бұл құжат заң үстемдігін нығайтып қана қоймай, қоғамдағы бірлік, әділдік және өзара жауапкершілік қағидаттарын жаңа деңгейге көтереді.
Билер кеңесінің қызметі де ежелден ел ішіндегі татулықты сақтауға, дауларды әділ шешуге және келісім мәдениетін қалыптастыруға негізделген. Сондықтан жаңа Конституцияда көрініс тапқан заңдылық пен әділеттілік қағидаттары халқымыздың дәстүрлі билер институтының құндылықтарымен үндеседі.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл күнді дәуірлік оқиға деп бағалауы – ел болашағына деген зор жауапкершіліктің көрінісі. Әрбір азамат Конституция талаптарын құрметтеп, заңға бағынуды басты қағидатқа айналдырса, мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімі одан әрі нығая түседі.
С.Баймурзин-Зеренді ауланы Билер алқасының бас биі