Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, Қазақстан халқы мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын маңызды таңдау жасады. Жаңа Конституция – елдің болашағына бағытталған стратегиялық құжат. Ол әділдік, заң үстемдігі, ашықтық және азаматтардың жауапкершілігі сияқты басты құндылықтарды нығайтады.

Волонтер ретінде бұл өзгерістердің қоғамдағы өзара сенім мен азаматтық белсенділікті арттыруға ықпал ететініне сенемін. Еріктілер қозғалысы – бірлік пен жанашырлықтың нақты көрінісі. Ал жаңа Конституцияда бекітілген қағидаттар азаматтардың қоғамдық бастамаларға белсенді қатысуына және ортақ игілікке үлес қосуына кең мүмкіндік береді.

Әрбір азамат өз ісімен ел дамуына үлес қосқанда ғана Конституцияның басты мақсаты жүзеге асады. Сондықтан біз, еріктілер, қоғамдағы ынтымақ пен жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға атсалысып, еліміздің тұрақты дамуына өз үлесімізді қоса береміз.
Г.Ескеева – волонтер

https://www.threads.com/@gulimeskeeva/post/DaR7J_5iDhG?xmt=AQG0vrfQ9ayLF77w6DU2SUOQnTAX85HmdNDoMTdP5cHHJIGidV6tZpjPFn5RJhdYSdi6YDk&slof=1