Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан халқы мемлекеттің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын маңызды таңдау жасады. Бұл – еліміздің болашағына деген сенім мен ортақ жауапкершіліктің айқын көрінісі.
Жастар үшін жаңа Конституция – сапалы білім алуға, еңбек етуге, кәсіп бастауға және қоғамдық өмірге белсенді араласуға мүмкіндік беретін берік құқықтық негіз. Заң үстемдігі мен әділдік қағидаттарының нығаюы жас буынның өз әлеуетін толық жүзеге асырып, ел дамуына үлес қосуына жол ашады.
Біз, жастар, мемлекетіміздің дамуына бейжай қарамайтын белсенді буын ретінде жаңа Конституцияда айқындалған құндылықтарды қолдап, білімімізбен, еңбегімізбен және жаңа бастамаларымызбен Әділетті Қазақстанды бірге құруға дайынбыз.
М.Әшімбек – ҚХАА мүшесі
