Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан халқы мемлекеттің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын маңызды таңдау жасады. Бұл – еліміздің құқықтық негізін нығайтіп, әділетті қоғам құруға бағытталған тарихи шешім.
Білім саласының қызметкері ретінде жаңа Конституцияда айқындалған қағидаттар өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына, сапалы білім алуына және жоғары азаматтық жауапкершілікпен тәрбиеленуіне берік негіз қалайды деп есептеймін. Заңды құрметтейтін, елінің болашағына бейжай қарамайтын саналы ұрпақ тәрбиелеу – бүгінгі білім саласының басты міндеттерінің бірі.
Жаңа Конституция қоғамдағы тұрақтылықты, әділдікті және тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етуге бағытталған маңызды құжат. Сондықтан оның құндылықтарын жас ұрпақтың бойына сіңіру арқылы біз еліміздің ұзақ мерзімді дамуына және Қазақстанның жарқын болашағын қалыптастыруға өз үлесімізді қоса береміз.
Ж.Талдин – Зеренді ауданы Өркен а.ЖОББМ директоры
