Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституция туралы айтқан сөзі – еліміздің болашағына бағытталған маңызды үндеу. Конституцияны қабылдау арқылы халқымыз мемлекеттің ұзақ мерзімді даму бағытын айқындап, заң үстемдігі мен әділеттілікке негізделген қоғам құру жолын таңдады.

Білім саласының қызметкері ретінде бұл өзгерістердің жас ұрпақтың сапалы білім алып, өз қабілетін толық жүзеге асыруына, азаматтық санасы мен отаншылдық рухының қалыптасуына оң әсер ететініне сенемін. Білім беру жүйесі тек кәсіби маман даярлап қана қоймай, Конституцияны құрметтейтін, ел тағдырына жауапкершілікпен қарайтын тұлға тәрбиелеуі тиіс.

Жаңа Конституция – болашақ ұрпаққа жасалған маңызды инвестиция. Оның қағидаттарын күнделікті өмірде жүзеге асыру арқылы біз білімді, бірлігі бекем, бәсекеге қабілетті Қазақстанды бірге қалыптастырамыз.
Л.Есмагулова – Зеренді ауданы Бірлестік ЖОББМ директоры