Президент Қасым-Жомарт Тоқаев айтқандай, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан халқы мемлекеттің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын маңызды таңдау жасады. Бұл – елдің құқықтық негізін нығайтып, қоғамның тұрақты дамуына жол ашатын тарихи шешім.

Оқытушы ретінде жаңа Конституцияның білім мен ғылымның дамуына, жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыруға және азаматтық жауапкершілігін арттыруға ерекше ықпал ететініне сенемін. Заңды құрметтеу, әділдік пен адалдық қағидаттарын дәріптеу – сапалы білім берудің де басты міндеттерінің бірі.

Бүгінгі білімді, бәсекеге қабілетті әрі отаншыл жастар – еліміздің ертеңі. Сондықтан жаңа Конституцияда айқындалған құндылықтарды өскелең ұрпақтың бойына сіңіру – ұстаздар қауымының маңызды міндеті. Бұл құжат Қазақстанның тұрақты дамуына және келешек ұрпақтың жарқын болашағына берік негіз қалайды.
Ә.Жантаева – Зеренді ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы