Жаңа Конституцияның заңды күшіне енуі – Қазақстанның жаңа даму кезеңін айқындайтын тарихи шешім. Бұл – мемлекет пен қоғам арасындағы өзара жауапкершілікті күшейтіп, заң үстемдігіне негізделген әділетті қоғам құруға бағытталған маңызды қадам.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды осы дәуірлік оқиғамен құттықтауы әр азаматтың ел тағдырына ортақ жауапкершілігін айқындайды. Конституцияда бекітілген қағидаттарды өмірде тиімді жүзеге асыру – мемлекеттік органдардың ғана емес, қоғамның барлық өкілдерінің ортақ міндеті.
Депутат ретінде жаңа Конституция халықтың мүддесін қорғауға, азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз етуге, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға және өңірлердің тұрақты дамуына тың серпін береді деп сенемін. Бұл құжат елдің болашақ дамуының берік құқықтық негізіне айналып, Қазақстанның өркендеуіне қызмет етеді.
Б.Баядилов – Зеренді аудандық мәслихатының депутаты