Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа Конституция туралы айтқан пікірі әрбір қазақстандық үшін үлкен маңызға ие. Конституцияны қабылдау арқылы халқымыз мемлекеттің ұзақ жылдарға арналған даму бағытын айқындап, заң мен әділеттілікке негізделген қоғам құру жолын таңдады.
Зейнеткер ретінде еліміздің тәуелсіздік жылдарындағы даму жолына куә болған аға буын өкілі ретінде бұл тарихи қадамға зор сеніммен қараймын. Мемлекеттің тұрақтылығы, халықтың бірлігі және заңның үстемдігі – келешек ұрпақтың жарқын болашағының берік негізі.
Бүгінгі өзгерістердің басты мақсаты – әр азаматтың құқығын қорғап, елдің дамуына тең мүмкіндік жасау. Біз үшін ең маңыздысы – бейбітшілік пен татулықтың сақталуы. Жаңа Конституция осы құндылықтарды нығайтып, Қазақстанның өсіп-өркендеуіне және жас ұрпақтың жарқын келешегіне қызмет етеді деп сенемін.
Р.Жетписбаева – Зеренді ауданы Әжелер кеңесінің мүшесі
