Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, жаңа Конституцияны қабылдау арқылы Қазақстан халқы мемлекеттің алдағы ондаған жылдарға арналған даму бағытын айқындайтын тарихи таңдау жасады. Бұл – еліміздің құқықтық негізін нығайтып, әділетті, жауапты әрі біртұтас қоғам құруға бағытталған маңызды қадам.

Зеренді ауданының Құрметті азаматы ретінде бұл шешімнің ел болашағы үшін ерекше мәнге ие екеніне сенімдімін. Конституция – мемлекетіміздің басты құндылықтарын айқындайтын негізгі заң ғана емес, ол қоғамдағы бірлік пен тұрақтылықтың, өзара сенім мен жауапкершіліктің берік тірегі.

Әрбір азамат Конституция талаптарын құрметтеп, ел дамуына адал еңбегімен үлес қосса, Қазақстанның болашағы бұдан да жарқын болмақ. Жаңа Конституция халқымыздың әл-ауқатын арттырып, мемлекетіміздің өсіп-өркендеуіне және келешек ұрпақтың игілігіне қызмет ететініне кәміл сенемін.
Ж.Мұғжанов – Зеренді ауданының Құрметті азаматы