Жаңа Конституция – Қазақстанның болашағына бағытталған маңызды тарихи құжат. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, халқымыздың жасаған бұл таңдауы еліміздің алдағы ондаған жылдағы даму бағытын айқындап, заң үстемдігі мен қоғамдық келісімді нығайтуға жол ашады.

Мәдениет саласының қызметкері ретінде Конституцияда бекітілген құндылықтардың ұлттық мәдениетімізді, ана тілімізді, салт-дәстүрімізді және рухани мұрамызды дәріптеуге зор мүмкіндік беретініне сенемін. Өйткені рухани құндылықтары берік қоғам ғана тұрақты дамып, ел бірлігін сақтай алады.

Мәдениет – халықтың рухани тірегі. Сондықтан біз ұлттық өнер мен мәдени мұраны насихаттау арқылы қоғамда отаншылдықты, өзара құрмет пен жауапкершілікті қалыптастыруға үлес қоса береміз. Жаңа Конституция осы игі мақсаттардың жүзеге асуына берік негіз болады деп сенемін.
Ж.Үнбет – Зеренді ауданы мәдениет саласының қызметкері