Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Қазақстан халқы мемлекеттің ондаған жылдарға арналған даму бағдарын айқындайтын таңдау жасады» деген сөзі жаңа Конституцияның тарихи маңызын айқын көрсетеді. Бұл құжат – еліміздің құқықтық мемлекет ретінде дамуына, қоғамдық келісім мен тұрақтылықтың нығаюына негіз болатын маңызды құндылық.

Оқытушы ретінде Конституцияның қағидаттарын жас ұрпақтың санасына сіңіру – кәсіби әрі азаматтық парызымыз деп санаймын. Білім беру арқылы біз жастарды заңды құрметтеуге, сыни ойлай білуге, өз елінің тағдырына бейжай қарамайтын жауапты азамат болып қалыптасуға тәрбиелейміз.

Жаңа Конституция білім мен тәрбиенің сапасын арттыруға, жастардың әлеуетін ашуға және олардың қоғам өміріне белсенді араласуына кең мүмкіндік береді. Сондықтан бұл тарихи таңдау Қазақстанның тұрақты дамуына, білімді ұлт қалыптастыруға және елдің жарқын болашағына қызмет етеді деп сенемін.
С.Жарылқапова -Зеренді ауданы Тілдерді оқыту орталығының оқытушысы