«Конституция – әділетті қоғамның негізі»
Зеренді ауданында «Конституция – әділетті қоғамның негізі» тақырыбында еңбек ардагерлерінің қатысуымен дөңгелек үстел өтті.
Іс-шара барысында қатысушылар жаңа Конституцияның ел дамуындағы тарихи маңызы, заң үстемдігін нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғау, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын орнықтыру мәселелерін талқылады.
Еңбек ардагерлері Конституция – мемлекетіміздің тұрақты дамуы мен қоғамдық келісімнің берік негізі екенін атап өтіп, елімізде жүзеге асырылып жатқан реформалардың мәні мен маңызына тоқталды. Сондай-ақ жастардың құқықтық мәдениетін қалыптастыру, отансүйгіштік пен азаматтық жауапкершілікті арттыру бағытындағы жұмыстарды жалғастырудың өзектілігі айтылды.
Кездесу ашық пікір алмасу форматында өтіп, қатысушылар өз ойларын ортаға салып, елдің болашағы заңға құрмет пен бірлікке негізделетінін жеткізді.