Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі – еліміздің болашағына бағытталған маңызды стратегиялық бастама. Жаңа Конституция азаматтардың құқықтары мен мүмкіндіктерін кеңейтіп қана қоймай, қоғамдағы өзара жауапкершілік пен белсенділікті де арттырады.
Волонтер ретінде бұл өзгерістердің қоғамдағы ынтымақты, өзара қолдауды және азаматтық белсенділікті күшейтетініне сенемін. Еліміздің дамуы тек мемлекеттік бастамаларға ғана емес, әрбір азаматтың белсенді қатысуына байланысты. Еріктілер қозғалысы осы жолда халыққа қызмет етіп, әлеуметтік жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға өз үлесін қоса береді.
Жаңа дәуір – бұл бірлікке, әділдікке және ортақ мақсатқа жұмылған қоғамның дәуірі. Осындай маңызды кезеңде әрқайсымыз ел игілігі үшін еңбек етіп, Қазақстанның өркендеуіне өз үлесімізді қосуымыз қажет.
Г.Ескеева – волонтер