Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі әрбір отбасының болашағына деген сенімді арттыратын маңызды бастама деп білеміз. Көпбалалы отбасы ретінде елімізде әділ қоғам құруға, заң үстемдігін нығайтуға және азаматтардың әлеуметтік қорғалуын қамтамасыз етуге бағытталған реформаларды қолдаймыз.
Жаңа Конституция отбасы құндылықтарын нығайтып, балалардың қауіпсіз әрі сапалы білім алып, жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасауға негіз болады. Бұл – өскелең ұрпақтың жарқын болашағына салынған инвестиция.
Берекелі отбасы – берік мемлекеттің негізі. Сондықтан біз елдегі оң өзгерістерге сеніммен қарап, балаларымызды адал еңбекке, Отанды сүюге және заңды құрметтеуге тәрбиелеу арқылы Қазақстанның жаңа дәуірдегі дамуына өз үлесімізді қоса береміз.
Ұ.Асқарова – Зеренді ауданы Аналар кеңесінің мүшесі
