Еліміздің егемен тарихындағы жаңа кезеңнің басталғаны – барша қазақстандықтар үшін ерекше маңызға ие оқиға. Мемлекет басшысының бұл үндеуі елдің болашағына деген нақты көзқарасты және ұзақ мерзімді даму бағытын айқындайды.
Еңбек ардагері ретінде саналы ғұмырымыздың куәсі болған тәуелсіз Қазақстанның бүгінгі жетістіктерін жоғары бағалаймын. Жаңа Конституция қоғамдағы әділдік қағидаттарын нығайтып, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауға тың серпін береді деп сенемін.
Біз кейінгі ұрпаққа бірлігі бекем, заңы үстем, дамыған мемлекет қалдыруымыз керек. Сондықтан қолға алынған реформаларды қолдап, елдің өсіп-өркендеуіне әр азамат өз үлесін қосқаны маңызды. Берекелі еңбек пен ауызбіршілік – Қазақстанның жаңа дәуірдегі басты тірегі болмақ.
З.Казиякпарова – Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары