Мемлекет басшысының «Қазақстанның егемен тарихында жаңа дәуір басталады» деген үндеуі еліміздің саяси және қоғамдық дамуының жаңа кезеңіне қадам басқанын айқын көрсетеді. Жаңа Конституция мемлекет пен қоғам арасындағы өзара сенімді нығайтып, заң үстемдігі мен әділеттілік қағидаттарын одан әрі бекемдейді.
Депутат ретінде бұл өзгерістердің басты мақсаты – халықтың мүддесіне қызмет ететін тиімді мемлекеттік басқару жүйесін қалыптастыру деп білемін. Заңнамалық реформалардың нәтижесі әрбір азаматтың өмір сапасын жақсартып, өңірлердің әлеуметтік-экономикалық дамуына тың серпін береді.
Алдағы уақытта халықтың үнін естіп, елдің игілігі үшін қабылданатын бастамаларды сапалы жүзеге асыру – баршамыздың ортақ міндетіміз. Бірлік пен жауапкершілік арқылы ғана Қазақстанның жаңа дәуірдегі тұрақты дамуына қол жеткізе аламыз.
К.Балмагамбетова – Зеренді аудандық мәслихатының депутаты
