Жаңа Конституция – еліміздің болашағын айқындайтын маңызды құқықтық құжат. Ол қоғамдағы өзгерістерге сай мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіруге, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауға бағытталған. Заң үстемдігі сақталған мемлекетте әділдік пен тұрақтылық орнығып, әр адам өз мүмкіндігін толық жүзеге асыра алады. Сондықтан Конституцияның қағидаларын құрметтеу – тек мемлекеттік органдардың ғана емес, әрбір азаматтың ортақ міндеті. Еліміздің дамуы мен өркендеуі заңға деген құрметтен басталады.
Оралбек Бекішев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
