🎼 #DOMBYRAKUNI челленджі жаңа қарқынмен жалғасуда!

Ақмола облысының мәдениет басқармасының басшысы Нұрғиса Дәуешов Ұлттық домбыра күніне арналған #dombrakuni челленджіне қатысып, қазақтың қасиетті қара домбырасымен күй орындады.

Өз сөзінде ол домбыраның халқымыздың рухани мұрасы мен ұлттық болмысының ажырамас бөлігі екенін атап өтіп, челлендж эстафетасын Ақмола облысының өнерпаздарына және Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жаркешовке жолдады.

dombrakuni челленджі ұлттық өнерді дәріптеуге, жастардың домбыраға деген қызығушылығын арттыруға және Ұлттық домбыра күнінің мән-маңызын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Ұлттық домбыра күні құтты болсын! Домбыраның қоңыр үні әр шаңырақтан естіліп, ұлттық мұрамыз ұрпақтан ұрпаққа жалғаса берсін!

dombrakuni