Көкшетауда Ұлттық домбыра күні аталып өтті

Көкшетауда Ұлттық домбыра күніне арналған мерекелік іс-шаралар «Жаңа жағалау» аумағында өтті.

Мерекелік бағдарлама мәдениет мекемелері ұйымдастырғантақырыптық көрмелер мен таныстырылым алаңдарының жұмысынанбасталды. Келушілер қазақ халқының рухани мұрасымен, ұлттықдәстүрлерімен және күй өнерінің тарихымен танысты. Сонымен қатар«Көне домбыра» және «Музейге жәдігер сыйла» республикалықакциялары ұйымдастырылды.

Ақмола облысы әкімінің орынбасары Досұлан Айтбаев өңіртұрғындарын Ұлттық домбыра күнімен құттықтап, домбыраның қазақхалқының өміріндегі айрықша маңызын атап өтті.

«Биылғы мерекенің орны ерекше, тарихи мәні терең. Ұлттықдомбыра күні мен Астана күнін еліміздің жаңа, халықтықКонституциясының заңды күшіне енуімен қатар атап өтіп отырмыз. Бұл– мемлекетіміздің құқықтық негіздері мен ғасырлар бойы қалыптасқанрухани құндылықтарының сабақтастығын айқындайтын, мемлекеттілігіміздің тұғырын нығайтатын маңызды кезең.

Қазақ халқы мен домбыра – егіз ұғым. Домбыра – қазақтың жаны, ұлттың үні, мемлекеттіліктің символы. Ол халқымыздың шежіресін, тарихы мен тағдырын, ғасырлар бойы ұрпақтан ұрпаққа жалғасқанарман-мақсаттарын сақтап келеді. Осы баға жетпес мұраны көздіңқарашығындай сақтап, оны жас ұрпаққа жеткізу – баршамыздың ортақміндетіміз», – деді Досұлан Айтбаев.

Кештің басты оқиғасы – алғаш рет ұйымдастырылған «Көкше – өнер маржандары» дәстүрлі өнер фестивалі болды. Сахнада К. Күмісбеков атындағы қазақ халық аспаптар оркестрі, дәстүрлі әнорындаушылары мен күйшілер өнер көрсетті.

Биылғы мерекенің тағы бір ерекшелігі – әлеуметтік желілердеөткен #DombyraKuni республикалық челленджі. Бастамаға өңірдіңтанымал тұлғалары, мәдениет саласының өкілдері, шығармашылықұжымдар мен жас домбырашылар белсенді қатысып, күй тартып, халық әндерін орындады.