Қазақстан Құрылтайы енді бір палаталы болады.
Оның құрамына партиялық тізімдер бойынша сайланатын 145 депутат кіреді. Бұл саяси партиялардың рөлін күшейтіп, көппартиялы парламентті дамытуға негіз қалыптастырады.
Сонымен қатар, өзін-өзі ұсынған азаматтар өңірлік мәслихаттарға сайлау арқылы саяси өмірге қатысу мүмкіндігін сақтайды. Ал мәслихат депутаттары, өз кезегінде, өңірлер, азаматтар мен мемлекеттік институттар арасындағы байланысты қамтамасыз ететін консультативтік орган — Халық кеңесіне ұсыныла алады.
