Мемлекет басшысының бастамасымен қабылданған жаңа Конституция саяси жүйені жаңғыртуға, азаматтардың мемлекеттік басқаруға қатысу мүмкіндіктерін кеңейтуге және қоғамдағы саяси бәсекелестікті арттыруға бағытталған.
Осы өзгерістердің маңызды кезеңдерінің бірі – 23 тамызда өтетін Құрылтай депутаттарының алғашқы сайлауы. Бұл сайлауда депутаттар партиялық тізім бойынша сайланып, саяси партиялардың өз бағдарламалары мен бастамаларын халыққа кеңінен ұсынуына мүмкіндік береді.
Партиялық тізім бойынша сайлау жүйесі бағдарламалар мен идеялар бәсекелестігін күшейтіп, сайлаушыларға елдің болашағына қатысты түрлі көзқарастар мен ұсыныстардың ішінен саналы таңдау жасауға жағдай жасайды. Сонымен қатар, бұл саяси партиялардың жауапкершілігін арттырып, олардың қоғам алдындағы міндеттерін тиімді орындауына ықпал етеді.
Ашықтық, әділдік және саяси бәсекелестік қағидаттарына негізделген бұл өзгерістер еліміздің демократиялық институттарын нығайтып, Қазақстанның тұрақты әрі орнықты дамуына жаңа серпін береді.
О. Бекішев-Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің төрағасы
