«Әділ сөзден – әділ таңдауға»
Зеренді ауданының Зеренді ауылдық округіндегі №554 сайлау учаскесінде халқымыздың тарихында әділдік пен ел бірлігінің символына айналған Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билердің өнегесін арқау еткен «Әділ сөзден – әділ таңдауға» атты дауыс беру акциясы өтті.
Акцияның негізгі мақсаты – Ұлы билердің әділдікке, ел бірлігіне және парасаттылыққа негізделген тағылымды мұрасын насихаттап, азаматтардың Құрылтай сайлауына белсенді қатысуына үндеу.
Қазақ халқы үшін би-шешендердің әрбір сөзі ел тағдырына қатысты маңызды шешімдерге жол ашқан. Бүгінде олардың әділдік, жауапкершілік, бірлік пен елдік мүдде туралы ұстанымдары Құрылтайдың мән-маңызымен үндеседі.
Құрылтай сайлауы – елдің қоғамдық-саяси өміріне белсенді араласудың, азаматтық ұстанымды білдірудің және болашаққа өз таңдауын жасаудың маңызды мүмкіндігі.
Акция барысында қатысушылар Ұлы билердің өнегелі сөздерін дәріптей отырып, Құрылтай сайлауында өз таңдауын жасап, азаматтық белсенділіктерін көрсетті.
«Әділ сөз – елге бағыт, әділ таңдау – болашаққа қадам!»
🇰🇿 Құрылтай – ел болашағын бірге қалыптастыратын маңызды қадам. Әр дауыс – маңызды, әр таңдау – жауапкершілік!
