Сол жылдары түрлі ұлт өкілдерімен бірге қызмет атқарып, бір мақсатқа жұмылып жұмыс істедік. Ұлтымыз, дініміз, тілдеріміз әртүрлі болғанымен, елге деген сүйіспеншілігіміз бен жауапкершілігіміз ортақ еді.
Мемлекеттік қызметте жүргенде бір нәрсеге анық көзім жетті – елдің дамуы мен тұрақтылығы ең алдымен халықтың бірлігіне байланысты. «Ынтымақ түбі – игілік» деп бекер айтылмаған.
Бүгінгі Қазақстан – достық пен татулықтың мекені. Әр ұлт өз мәдениетін сақтай отырып, ортақ құндылықтарды құрметтейді. Біз, аға буын өкілдері, осы бірлікті бағалап, оны келешек ұрпаққа аманаттауымыз керек.
З.Казиякпарова-Зеренді ауданы Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары
