Қазақстанда түрлі ұлт пен ұлыстың өкілдері бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүріп келеді. Бұл – халқымыздың толеранттылығы мен өзара сыйластығының, сондай-ақ мемлекет жүргізіп отырған келісім саясатының жемісі деп білемін.

Бірлік пен ынтымақ – тек бейбіт өмірдің ғана емес, тұрақты дамудың да кепілі ғой. Этносаралық татулық сақталған жерде өзара сенім артады, ортақ мақсатқа жету жолында әр азаматтың үлесі бағаланады. Қазақстан халқы Ассамблеясы сияқты институттар түрлі мәдениеттерді тоғыстырып, ортақ құндылықтарды нығайтуға қызмет етуде.

Сондықтан этносаралық қатынастарды сақтау мен дамыту – әрбір азаматтың міндеті. Өйткені, біз қаншалықты әртүрлі болсақ та, бәріміздің Отанымыз бір, тағдырымыз ортақ. Бірлігіміз бекем болса, болашағымыз да жарқын болмақ.
С.Баймурзин-Зеренді ауданы Билер алқасының бас биі