Өмір жолымызда біз талай қиындықтарды бастан өткердік, бірақ әрқашан достық пен татулықтың арқасында барлық сынақтан сүрінбей өттік. Бүгінгі бейбіт өміріміз – ата-бабамыздың аманаты, ал оны сақтау – әрбіріміздің борышымыз.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бейбітшілік пен тұрақтылық – бұл бізге тағдырдың сыйы емес. Бұл – біздің бірлігіміздің және ортақ еңбегіміздің нәтижесі» деп атап өтті. Шын мәнінде, татулық пен келісім кездейсоқ орнай салмайды, ол күнделікті еңбектің, өзара құрметтің арқасында қалыптасады.
Жастар осы құндылықтарды бойына сіңіріп, болашаққа жеткізсе, еліміздің іргесі берік болып, Қазақстан әрқашан бейбітшілік пен достықтың Отаны болып қала береді.
Қ. Албаев , Зеренді ауданы ардагерлер кеңесінің мүшесі
